ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ:ҚАРАМҰРТ АУЫЛЫНЫҢ СӘУЛЕТІ МЕН КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРЕТІН КҮН ЖАҚЫН

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ:ҚАРАМҰРТ АУЫЛЫНЫҢ СӘУЛЕТІ МЕН КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРЕТІН КҮН ЖАҚЫН

Сайрам ауданының әкімінің орынбасары Ансар Өсербаев, "Nur Otan" партиясы Сайрам аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абдикадиров Алмас Әбдрахманұлы, әкімдік қызметкерлері Қарамұрт ауылдық округін аралады. Низамабад елді мекені, С.Жораев көшесінде орналасқан арыққа асар жолымен салынған көпір мен көшені жарықтандыру жұмыстарымен танысты. Қарамұрт ауылы орталығын сәулеттік келбетін тәртіпке келтіру, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жеке кәсіпкер Б.Толегеновке қарасты жер теліміне аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі тарапынан дайындалған эскиздік жобасының таныстырылымы болды. Айта кетсек, жыл соңына дейін жобаны іске асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Қамқорлық» бағдарламасы аясында, ауыл округінде, мәдениет үйінің ішінен «Қамқорлық» бұрышы ашылып, пайдалануға берілді. «Қамқорлық» бұрышы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына тегін қызмет атқарады. Жалпы көлемі 150 м/кв жауапты қызметкер бекітілген, күнделікті сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс атқарады.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі