САЙРАМДЫҚ ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ СПОРТТЫҚ СЫНДА ДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

САЙРАМДЫҚ ХАЛЫҚ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ СПОРТТЫҚ СЫНДА ДА ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТТІ

     Волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасында Түркістан облысының қысқы біріншілігі аяқталды. «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ!» атауымен 2021 жылдың 14 қаңтарынан бастау алған турнирде Сайрам ауданы әкімдігінің қызметкерлері ақтық ойында бақ сынады. Турнирге Түркістан облысының құқық қорғау саласындағы, басқармалар мен әкімдіктегі және аумақтық департаменттерден құралған топтар қатысты. Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының қатысуымен өткен ақтық сында Статистика департаменті, мәдениет, спорт және еңбек басқармаларының, ішкі істер департаменті және Сайрам ауданы әкімдігінің құрама командасы жарысып бақты. Бірінші орынды облыстық Ішкі істер департаменті иемденіп, жүзден жүйрік атанса, екінші орынның жүлдесін жерлестеріміз «Сайрам ауданы әкімдігі» командасы қанжығасына байлады. Ал үшінші орын статистика департаментіне бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен барша белсенді қатысқан командаларды облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы марапаттап, салауатты өмір салтын үлгілі деңгейде ұстана білген мемлекеттік қызметкерлерге алғысын білдірді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі