МУХИТДИНОВТАР ОТБАСЫНДАҒЫ ЕСЕЛЕНГЕН ҚУАНЫШ

МУХИТДИНОВТАР ОТБАСЫНДАҒЫ ЕСЕЛЕНГЕН ҚУАНЫШ

    Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округі Мухитдиновтар отбасында өмірге үшем келді. Улуғбек Мухитдинов пен Едгор Мухитдинованың бұған дейін үш ұл бір қызы болса, жаңа туған үшемнің екеуі – ұл, біреуі - қыз. Шымкент қаласындағы Дархан перзентханасында босанған көпбалалы ананың жағдайы жақсы, бүгінде үйіне шықты. Көпбалалы ананың жағдайын біліп, Мұхитдиновтар отбасын құттықтап қайту үшін Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбілсейіт Батырбекұлы және Қарамұрт ауылдық округінің әкімі Мамыржан Нәжиев Қарамұрт ауылының Гүлді көшесіне ат басын бұрды. Сәбилерге арналған балалар арбасынан үшеу және әр шақалаққа гигиеналық заттар мен сый-сыяпат ала барды. Ауыл әкімі үшемнің күтіміне арнайы медбике мен дәрігер бекітілгенін айтты. Ал жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімің басшысы көпбалалы анаға балалардың бір жасқа дейінгі әлуметтік төлемдерді алу тәртібін, сонымен қатар, сәбилер жасына толғанда «Алтын алқаға» құжат тапсыру тәртібін түсіндірді. Айта кетейік, Сайрам ауданы бойынша 2019 жылы - 5945 нәресте дүниеге келсе, 2020 жылы 6991 сәби дүниеге келген. Ауданда 1 айда 500-600 нәресте туса, оның 50-60-ы Қарамұрт ауыл округінде өмірге келеді. Жалпы, 2021 жылдың қаңтар айындағы мәліметке сүйенсек, ауданда 14 721 көпбалалы ана бар. Оның 180-і «Батыр ана», 985-і «Алтын алқалы», 2858-і «Күміс алқалы» және І-ІІ дәрежелі 486 ана тіркелген. Ал 18 жасқа дейінгі 4 баласы бар аналар саны 10 212-ні құрап отыр.

 

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі