Қандас (оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту🔑

Қандас (оралман) мәртебесін беру немесе ұзарту🔑

Қайырлы күн, оқырман! Әдеттегіше, аптаны парақшамыздың #oqy&toqy айдарынан бастаймыз. Бүгін біз Қандас (оралман) мәртебесін ХҚО арқылы алу жолын көрсететін боламыз. Ондай болса, іске сәт:
📌Алдымен ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондаңыз
📌Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растаңыз
📌Операторға келесі құжаттарды тапсыру арқылы қызметке өтініш қалдырыңыз
📍Мәртебені алу үшін:
📎Еркін түрде жазылған өмірбаян
📎Отбасы мүшелерінің әрқайсысының 3х4 көлемдегі екі-екіден суреттері
📎Мәртебені алушы барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын шетелдік құжаттарының аудармасының нотариалды расталған көшірмесі
📍Мәртебені ұзарту үшін осы құжаттармен қоса:
📎Қазақстан аумағында тұруға ықтиярхат
📎Өтініш

📚Мәртебе мерзімдері:
🕐Қандас (оралман) мәртебесі 1 жылға жарамды. Бір жыл мерзім бітерде, ҚР азаматтығын алуға өтініш бересіз немесе мәртебені ұзартуыңыз қажет болады.
🕕Қандас (оралман) мәртебесін ұзарту мерзімі 6 айды құрайды. Мерзім өткен соң қайта ұзартасыз немесе мәртебені алуға өтініш бересіз.

⏰Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есептемегенде:
✔️Мәртебені алуға 15 жұмыс күні
✔️Мәртебені ұзартуға 5 жұмыс күні.

☝️Ескерту, сурет пен өмірбаяннан басқа құжат, мәліметтерді сәйкестендіріп болған соң өзіңізге қайта қайтарылуы тиіс. Сондай-ақ құжаттардың қабылданғаны туралы ХҚО операторынан қолхат алуды ұмытпаңыз.

❗️Ескерту, 2021 жылы 1 қаңтардан бастап ҚР ІІМ бұйрығымен "оралман" сөзі "қандас" деп өзгертіледі.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

Түркістан облысы филиалының

баспасөз қызметі.