«EGOV MOBILE» ОРНАТУДЫҢ 3 ТОП СЕБЕБІ

«EGOV MOBILE» ОРНАТУДЫҢ 3 ТОП СЕБЕБІ

 «eGov mobile» қосымшасы және оның көмегімен анықтама, құжат алу туралы толығырақ жазғанымызды сұраған едіңіздер. Ендеше кеттік!

1️⃣ Қосымшада 70-тен астам қызмет пен сервис ұсынылған. Мысалы: ХҚКО-ға кезекке тұру, зейнетақы қорындағы жинағыңызды білу, соттылығы туралы, психо-наркодиспансерлерден анықтама алу, жүргізуші куәлігін шығаруға тапсырыс беру және т. б.

2️⃣ Тағы бір ерекшелігі – цифрланған құжаттар. Электронды нұсқадағы жеке, жүргізуші, неке, баланың тууы туралы және т.б. куәліктер. Жаңа заңға сәйкес жақында бұларды «қағаз» құжат секілді ресми түрде қолдана аласыз.

3️⃣ Қосымшаға ЭЦҚ-ны бір рет орнатып, кейін телефондағы FaceID немесе TouchID көмегімен іске қосыңыз. Смартфонның құлпын ашқандай өте оңай.

‼️ Мобильді азаматтар базасында тіркелу өте маңызды. Осы сілтемеде тіркелу жолы туралы айттық.

📲eGov mobile-ді AppStore және GooglePlay-ден жүктеп алыңыз

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

Түркістан облысы филиалының

баспасөз қызметі.