ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
Аудан әкімі Мадияр Мұхтарұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар жер қатынастары, инфрақұрылым, коммуналдық қызметтер және өзге де өзекті мәселелер бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Әрбір азаматтың өтініші мұқият тыңдалып, тиісті түсіндірмелер берілді. Көтерілген мәселелер жан-жақты зерделеніп, шешу үшін жауапты бөлім басшылары мен сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Олардың орындалуы аудан әкімінің бақылауында болады.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындардың өтініш-тілектеріне дер кезінде назар аударып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге бағытталған маңызды жұмыс.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі