САЙРАМДА «АЛТЫН АЛҚА» МЕН «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

САЙРАМДА «АЛТЫН АЛҚА» МЕН «КҮМІС АЛҚА» ИЕГЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Сайрам ауданында көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы көпбалалы аналарды құттықтап, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын салтанатты түрде табыстады.
Жарлыққа сәйкес, бұл жолы Сайрам ауданынан 22 ана мемлекеттік марапатқа ие болды. Оның ішінде 4 ана «Алтын алқамен»,
18 ана «Күміс алқамен» марапатталды.
Көпбалалы аналарды мемлекеттік наградалармен марапаттау – ана еңбегіне көрсетілген құрметтің және отбасы институтын қолдауға бағытталған мемлекеттік саясаттың нақты көрінісі.
Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында 12 978 көпбалалы ана тұрады. Олардың 129-ы – «Батыр ана», 3 863-і – «Алтын алқа»,
5 026-сы – «Күміс алқа» иегері. Сонымен қатар, 355 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі