Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауында тұрғындардың басым дауысына ие болған Құралбеков Нұрсұлтан Рүстемұлы ауылдық округтің әкімі болып сайланды.
Осыған орай бүгін аудан әкімінің орынбасары Сержан Дауылбайұлы Қайнарбұлақ ауылдық округіне арнайы барып, жаңадан сайланған әкімді құттықтады.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымды жетілдіру, тұрғындардың өзекті мәселелерін дер кезінде шешу және халықпен тұрақты әрі ашық байланыс орнату бағытында нақты міндеттер жүктелді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді сапалы орындап, ел игілігі жолында нәтижелі еңбек ету қажеттігі атап өтілді.
Құралбеков Нұрсұлтан Рүстемұлы 1990 жылғы 6 ақпанда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2019 жылы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімдігі аппаратында бас маман-заңгер қызметінен бастаған. 2023 жылы Қайнарбұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы жұмыстарға белсенді атсалысты.
2025 жылғы 30 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін Сайрам ауданы әкімдігінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімшесінде бас маман қызметін атқарды.
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі