САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫ SHYMKENT WRESTLING LEAGUE ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

САЙРАМДЫҚ СПОРТШЫ SHYMKENT WRESTLING LEAGUE ЖАРЫСЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Шымкент қаласында кіші жасөспірімдер арасында өткен «Shymkent Wrestling League» еркін күрес жарысында Сайрам ауданының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша:

🥇 41 кг – Тұрар Жарас — I орын

🥇 48 кг – Абдужаппаров Амирхан — I орын

🥇 57 кг – Дәулетбек Жасқайрат — I орын

🥉 35 кг – Абдумәулен Айбатыр — III орын

🥉 +85 кг – Маматкаримов Абдуллох — III орын

Жас спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да ел намысын абыроймен қорғап, биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз.

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі