САЙРАМ АУДАНЫНДА ІРІ ҚАРА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІРІ ҚАРА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ІРІ ҚАРА МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін Сайрам ауданының әкімі Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев Арыс ауылдық округіне қарасты Қожақорған ауылында салынып жатқан ірі қара мал бордақылау кешені мен мал сою алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Жобаны «BEK-AGRO» KZ шаруа қожалығы жүзеге асыруда. Инвестициялық жобаның жалпы құны 3,5 млрд теңгені құрайды.

Жоба аясында бір мезетте 10 000 бас ірі қара мал бордақылауға мүмкіндік беретін кешен салынуда. Сонымен қатар, кәсіпорын жылына 20 000 тоннаға дейін ет өнімін өндіруге қауқарлы болады. Өндірілген өнімдерді ішкі нарыққа жеткізумен қатар, экспортқа шығару да жоспарланған.

Кәсіпорын толық іске қосылған кезде 75 жаңа жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Құрылыс жұмысын 2027 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан әкімі құрылыс барысын бақылап, жауапты тұлғалармен жобаның жүзеге асырылу мерзімдері мен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты.

Мұндай инвестициялық жобалар ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына оң ықпал етеді.

 

Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі