«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі — кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша сервис іске қосылды.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының базасында «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай фронт-офисі — кәсіпкерлерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша сервис іске қосылды.

Бір жерде «Бәйтерек» холдингінің ұйымдарының бағдарламалары бойынша кеңес және сүйемелдеу алуға болады: • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры (7 млрд теңгеге дейінгі ШОБ-ты қолдау құралдары)

* Қазақстанның Даму Банкі (7 млрд теңгеден жоғары ірі жобаларды қолдау құралдары)

* Өнеркәсіпті дамыту қоры (өңдеу өнеркәсібін және лизингті қолдау құралдары)

* KazakhExport экспорттық-кредиттік агенттігі (экспорттық жобаларды қолдау құралдары)

* Qazaqstan Investment Corporation (private equity тікелей инвестициялар құралдары)

Бірыңғай фронт-офистер Қазақстан бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалдарының базасында жұмыс істейді.

Бірыңғай фронт-офистерде бастапқы консультация беріледі және аталған компаниялардың атынан өтінімдер қабылданады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 1408 нөмірі «Бәйтерек» холдингінің Бірыңғай байланыс орталығы болды.

1408 нөмірі арқылы «Бәйтерек» холдингінің барлық еншілес ұйымдарының бағдарламалары бойынша консультациялар қолжетімді (Отбасы Банкінен басқа).

Жұмыс уақыты: 08:30–17:30

Қоңыраулар Қазақстан бойынша тегін