Аталған жарыс жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Дүбірлі додаға 200-ге жуық спортшы қатысып, тартысты белдесулер мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдармен және дипломдармен марапатталды.