ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыстық Ветеринария басқармасы тарапынан Сайрам ауданына ауыл шаруашылығы жануарларына тағуға арналған 500 дана жарық шағылыстыратын лента берілді.
Қазіргі уақытта аудан көлеміндегі маңызы бар автомобиль жолдарының бойында орналасқан шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардың малдарына жарық шағылыстыратын ленталар тағу жұмыстары атқарылуда.
Аталған шара жол үстіне шығатын жануарлардан болатын апаттардың алдын алуға, мал басының нақты есебін жүргізуге және мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған.