ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ – 2026

ТЕХНИКАЛЫҚ БАЙҚАУ – 2026

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 153 бұйрығымен бекітілген «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнаулы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы
№4-3/269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қағидаларына сәйкес жылына бiр рет техникалық байқауға заңды және жеке тұлғалардың иелiгiндегi және жергілікті атқарушы органдарда есепте тұрған, тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерi, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналары жатады.

Техникалық байқау машиналардың техникалық жай-күйiн бағалау, олардың санын, тиесілілігін және басқа да тiркеу көрсеткiштерiн анықтау, қоршаған ортаның экологиялық жай-күйiне әсерiн тигiзетiн, техникалық пайдалану және қауiпсiздiк техникасы ережелерiн өрескел бұзуды болдырмау, бұзылуын ескерту шараларын iске асыру мақсатында жүргiзiледi. Меншiк иелерi, иеленушiлер иелiгiндегi машиналарды өз уақытында және белгiленген жерге мемлекеттiк техникалық байқауға ұсынуға мiндеттi. Белгiленген мерзiмде мемлекеттiк техникалық байқауға ұсынылмаған машиналар, техникалық байқаудан өтпеген деп танылады. Оларды пайдалануға Қазақстан Республикасының Жол қозғалысының ережелеріне сәйкес уақытша жол берілмейді.

 

Жыл сайынғы өткізілетін мемлекеттік техникалық байқаудың

К Е С Т Е С І

қ/с №

Ауыл әкімшіліктері

Мерзімі

қ/с

Ауыл әкімшіліктері

Мерзімі

1

Қарабұлақ

02.03.2026 ж.

7

Көлкент

13.03.2026 ж.

2

Арыс

03.03.2026 ж.

8

Ақбұлақ

16.03.2026 ж.

3

Манкент

4-5.03.2026 ж.

9

Қайнарбұлақ

17.03.2026 ж.

4

Қарасу

9.03.2026 ж.

10

Құтарыс

18.03.2026 ж.

5

Ақсукент

10.03.2026 ж.

11

Жібек-Жолы

19.03.2026 ж.

6

Карамұрт

11-12.03.2026 ж.

 

 

 

 

Ауыл шаруашылық техникаларын жыл сайынғы техникалық байқауға келесі құжаттар ұсынылу қажет:    

Машиналарды техникалық қарап-тексеруді жүргізу үшін жеке және заңды тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):

Қағидаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт).

2) заңды тұлға (не оның оның сенімхат бойынша өкілі):

Қағидаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

машинаны тiркеу құжаты (техникалық паспорт);

Қағидаға сәйкес нысан бойынша машиналарды мемлекеттік техникалық қарап-тексеру актісіне (бұдан әрі – акт) енгізу үшін машиналар туралы мәліметтер (бұдан әрі – акт).

 

Меншік иелері, иеленушілер иелігіндегі машиналарды өз уақытында, кестеде белгіленген мерзімде мемлекеттік техникалық байқауға ұсынуға міндетті. Машиналардың техникалық жай-күйі шығарушы – зауыттың нұсқауына сәйкес келетін немесе машиналарға бекітілген техникалық талаптарға сәйкес, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік стандарттарға сәйкес толық жабдықталған машина ақаусыз деп саналады, яғни мемлекеттік техникалық байқаудан өтті деп есептеледі.

Жыл сайынғы өткізілетін ауыл шаруашылық техникаларының техникалық байқауына терең жауапкершілікпен қарап, оны ұйымшылдықпен өткізуге ат салысайық. Туындаған сұрақтарыңызды  59-806, 59-805, 59-804 сымтетік арқылы қоя аласыздар.