ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
Сайрам ауданының орталығы – Ақсу ауылында орналасқан «Қайрат» спорт кешенінде волейболдан 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті.
Аталған жарысқа облыстың әр өңірінен келген 14 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен бәсекенің қорытындысы бойынша:
• І орын – Сайрам ауданының командасы
• ІІ орын – Ордабасы ауданының командасы
• ІІІ орын – Түлкібас ауданының командасы иеленді.
Чемпионат барысында жоғары ойын өрнегін көрсетіп, үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар алдағы уақытта Өскемен қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.