Сайрам ауданының әкімі М.Оразалиевтің тапсырмасына сәйкес «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акция аясында мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Мониторинг барысында көшелер бойында орналасқан маңдайшалар, жарнамалар мен көрнекі ақпараттардың қазақ тілінде сауатты әрі заң талаптарына сай жазылуы тексерілді.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді. Анықталған кемшіліктерді жою және жарнама мәтіндерін реттеу бағытында нақты шаралар қабылданды.