2026 жылғы 29 қаңтар мен 2 ақпан аралығында Алматы қаласында аралас жекпе-жектен мастерлік турнир және «Үздік бапкер» халықаралық турнирі өтті.
Аталған жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінен келген спортшылар қатысып, жалпы саны 400-ге жуық қатысушы бақ сынады.
Бұл дүбірлі додада Сайрам ауданының спортшылары жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінді. Атап айтқанда, 30 кг салмақ дәрежесінде Кадирметов Ибрахим – І орын, 40 кг салмақ дәрежесінде Алиев Жалал – І орын, 50 кг салмақ дәрежесінде Қанатұлы Доснар – І орын, 60 кг салмақ дәрежесінде Юлдашев Абдуарим – І орын, ал 40 кг салмақ дәрежесінде Жусипов Юсуф – ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, 60 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанған Юлдашев Абдуарим мастер спорт нормативін орындап, үлкен жетістікке қол жеткізді