Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, Сайрам ауданында тұратын 13 көпбалалы ана мемлекеттік марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, 2 ана «Алтын алқа», 11 ана «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Мадияр Оразалиев аналарды құттықтап, мемлекеттік наградаларды табыстады. Өз сөзінде ол көпбалалы аналардың қоғамдағы рөліне тоқталып, ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектеріне алғыс білдірді.
Айта кетейік, бүгінде Сайрам ауданында 12 913 көпбалалы ана бар. Олардың қатарында 129 «Батыр ана», 3 843 «Алтын алқа», 4 934 «Күміс алқа» иегері, сондай-ақ 355 ана І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған.