2026 жылдың 22 қаңтарында Сайрам ауданы аумағында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жаңбыр, қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Ауданның бірқатар аумақтарында желдің күшеюі болжануда.
Осыған байланысты, аса қажеттілік болмаған жағдайда алыс жолға шықпауға, жол қозғалысы кезінде сақтық шараларын күшейтуге және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
Өздеріңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы