21.01.2026 жылы аудан әкімі аппаратынын ғимаратында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мұздыбеков Руслан Орынбекұлының төрағалығымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, ауылдық округі әкімдері, ауылдық округтердің белсенді азаматтары мен аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын мекемелердің қатысуында «Сайрам ауданы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын қатты тұрмыстық қалдықтар нарығының мекемелерінің атқарылған жұмыстары мен есебі» бойынша жиналыс ұйымдастырылды.
Сонымен катар, күн тәртібінде аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдайтын мекемелердің кемшіліктері және атқарып жатқан жұмыстары туралы талқыланды.
Сондай-ақ Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Руслан Орынбекұлы жиналысқа қатысушыларға қоқыс мәселесі өзекті болғандықтан ауылдық округі әкімдеріне және қоқыс тасымалдайтын мекемелерге тиісті тапсырмалар беріп, тұрақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.