2026 жылдың қаңтар айының 19–21 күндері аралығында әйелдер күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында Түркістан облысы чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған жарыс Сайрам ауданына қарасты «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында өтті.
Чемпионатқа Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан 150-ге жуық спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жарыс барысында балуандар жоғары дайындықтарын, шеберліктері мен қайсар мінездерін көрсете білді.
Аталған додада Сайрам ауданының бұрымды балуандары ерекше нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, спортшыларымыз:

1 алтын,

9 күміс,

15 қола медаль жеңіп алды.
Жинаған ұпайлар нәтижесінде Сайрам ауданының командасы командалық есепте І орынды иеленіп, жарыстың басты жеңімпазы атанды.
Бұл жетістік – өңірде әйелдер күресінің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады.