Асқаров Бауыржан Өміртайұлы 1974 жылғы 30 наурызда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарасу ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1995 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбиесі институтын «Дене тәрбиесі және спорттан жаттықтырушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1991 жылы Сайрам аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы-оқытушы ретінде бастаған. Салада 30 жылдан астам уақыт табысты еңбек етіп, бас маманнан бөлім басшысы деңгейіне дейінгі қызметтік жолдан өткен.
Әр жылдары Сайрам аудандық дене шынықтыру және спорт саласында бас маман, бөлім бастығы, бөлім басшысы, сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Жалпы еңбек өтілі – 32 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі – 32 жыл.
Отбасылы, төрт баланың әкесі.
Сайрам ауданы әкімдігі Бауыржан Өміртайұлының кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық қабілеті ауданның мәдениет, спорт және тіл саясатын дамытуға серпін береді деп сенім білдіреді.
Жаңа қызметіне табыс тілейміз!