Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Өмірбекұлы Сарыбековтың төрағалығымен мәжіліс

Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Өмірбекұлы Сарыбековтың төрағалығымен мәжіліс
20.01.2026 жылы аудан әкімі аппаратының ғимаратында Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Нұрлан Өмірбекұлы Сарыбековтың төрағалығымен ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жұмыс барысында басшылыққа алу үшін түсіндіру ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, күн тәртібінде «E-Otinish» және «E-qyzmet» бағдарламалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселер талқыланды.
Сондай-ақ Нұрлан Өмірбекұлы жиналысқа қатысушыларға мемлекеттік қызмет атқару барысында әдеп нормаларын қатаң сақтауды және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойыншы тұрақты жұмыстар жүргізуді тапсырды.