
«Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» 2025 жылдың 22 желтоқсанынан бастап 20 жұмыс күні ішінде «Түркістан облысының 2025 – 2029 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар ашық талқылау түрінде өткізілетінін хабарлайды.
Талқылаудың мақсаты – экологиялық көрсеткіштерді әзірлеу процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және өңір тұрғындарына атмосфералық ауа, су ресурстары, топырақ, қалдықтарды басқару және қоршаған ортаны қорғаудың өзге де бағыттары бойынша қалыптастырылатын нысаналы көрсеткіштерге ұсыныстар мен ескертулер енгізу мүмкіндігін беру.
Жобалық материалдармен танысуға, сондай-ақ өз ұсыныстары мен ескертулеріңізді енгізуге Экологияның бірыңғай порталында болады: https://ndbecology.gov.kz/
Жоба материалдары бойынша қосымша ақпаратты мына мекенжай мен телефон нөмірі арқылы алуға болады: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа Қала шағынауданы, 32-ші көше, 160-ықшамаудан, 254/2, тел.: 8 707 552 57 07, электрондық пошта: zh.ordabaeva@ontustik.gov.kz