АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  «БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: ең өзекті және жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз

Халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында «БЖЗҚ» АҚ 2025 жылғы 4 желтоқсан күні онлайн форматта дәстүрлі «Ашық есік күнін» өткізеді.

 

«БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) отандастарымыздың қаржылық-құқықтық сауатын арттыруға көп көңіл бөлетіні белгілі. 2025 жылдың 9 айында Қор филиалдарының мамандары республика бойынша 781 мыңнан астам адам қатысқан шалғайдағы елді мекендердегі кәсіпорындар мен ұйымдарда 38 мыңнан астам таныстырылым өткізді. Республика бойынша түрлі кері байланыс арналары арқылы түскен 395 мыңнан астам өтініш өңделді.

 Салымшылар мен алушылардың талқысына жиі түсетін ең маңызды тақырыптарды таңдап алған Қор мамандары сұрақ-жауап сессиясын өткізуді ұйғарды. 4 желтоқсанға межеленіп отырған іс-шара барысында БЖЗҚ мамандары қатысушыларға өз зейнетақы шоттарын мониторингілеу үшін ұсынылатын Қордың онлайн-құралдары мен сервистерін пайдалану мүмкіндіктері, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге біржолғы зейнетақы төлемін (БЗТ) алуға өтініш жасау тәртібі, инвестициялық кірістің өзгеру себептері және зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғаларға кесте бойынша төлемдерді есептеу әдісі туралы әңгімелеп береді. Бұдан басқа, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері басқа да қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жеке кеңестерімен көмектеседі.

          Кездесу интерактивті онлайн-форматта өткізілетін болғандықтан, оған ниет білдірген әрбір адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Бұл шара салымшыларға да, Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы хабар таратып жүрген журналистер қауымына да пайдалы болатынына үміттіміз.  

          Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 2025 жылғы 4 желтоқсан күні сағат 10-00 нан 16-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

    1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

    2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

    3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

          Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

            1 сессия - https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mdedf3149cb34171e3390a53052b3504a   

сілтемесімен өту керек.

            2 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m337cbbe779a7f387213d333941b6484c

сілтемесімен өту керек.

            3 сессия- https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m7b0178f7b008cc3752760c2ef0846ed8

сілтемесімен өту керек.