ҚазақстанРеспубликасыЕңбекжәнехалықтыәлеуметтікқорғау министрінің 2024жылғы12шілдедегі "Министрлердің,аудандардың,қалалардың,облыстықмаңызы бар қалалардың,облыстардың,республикалықмаңызы бар қалалардың,астананың әкімдерін мүгедектікмәселелері бойынша штаттан тыскеңесшілердітағайындауқағидаларынбекітутуралы"№250бұйрығынасәйкес Сайрамауданыәкімініңмүгедектікмәселелері жөніндегі штаттан тыскеңесшісінтағайындаукөзделеді(әрі қарай кеңесші).
Осы бұйрықтың 2-тарауына сәйкес кеңесші болып жиырма жасқа толған, арнаулы орта немесе жоғары білімі, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде 5 жыл кәсіби және (немесе) қоғамдық қызмет тәжірибесі бар, сондай - ақ жергілікті деңгейде кемінде 2 жыл тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы тағайындалады. Кеңесші өз қызметінде аудан әкіміне есеп береді, кеңесші лауазымына үміткер: мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, судья болуға тиіс емес; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы; заңда белгіленген тәртіппен сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуы; психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бойынша есепте тұруы.
Кеңесші лауазымына 28.10.2025 жылға дейін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне Ақсукент ауылы, Жандарбеков көшесі №4, бас маман Нұржігіт Досымбекке (тел. 8-705-218-39-34) үміткерлердің тарапынан төмедегі құжаттарды ұсыну керектегінің назарларыңызға саламыз:
1) еркін нысандағы өтініш;
2)оның жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы құжаттың, сондай-ақ оқудан өткенін, оның ішінде қысқа мерзімді курстардан өткенін куәландыратын құжаттың, оқуды аяқтау, біліктілігін арттыру туралы сертификаттың немесе куәліктің, ғылыми дәрежелер және (немесе) атақтар беру туралы құжаттың көшірмесі;
4) өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызмет туралы мәліметтер;
5) соттылықтың, психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты, ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуге оның жазбаша келісімі арқылы алынатыны туралы мәліметтер. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған кезде кеңесші лауазымына кандидат осы құжаттарды дербес қоса береді.
Кеңесшініңөкілеттікмерзімі-үшжыл.Бірадамқатарынанекіреттенартықкеңесшібола алмайды.
Кеңесші өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.