Аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

Аумақтық сайлау комиссиясы сайланған әкімге куәлік тапсырды

2025 жылғы 07 қазанда Сайрам ауданы активінің жиыны өтті. Жиында сайланған әкім Мадияр Мұхтарұлы Оразалиевке куәлік табыс етілді.

Тұрғындардың тікелей сайлауы нәтижесінде Сайрам ауданы әкімінің лауазымына сайланған Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев 2025 жылғы 07 қазанынан бастап өз міндеттерін ресми түрде атқаруға кірісті.

Мадияр Мұхтарұлы Оразалиев 1986  жылы 5 сәуірде дүниеге келген.

22 жылға жуық мемлекеттік құрылымдардағы түрлі жауапты қызметтерді атқарды. Оның ішінде 2011-2016 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты, «Казтрансгаз Аймақ» АҚ-ының ОҚО Сайрам аудандық газ шаруашылығы мекемесінің директоры, Сайрам және Қазығұрт аудандары әкімі орынбасары лауазымын абыроймен атқарған.

Бүгінге дейін Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. «AMANAT» партиясынан ұсынылды.