ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ САЙРАМ АУДАНДЫҚ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НЫҒАЙТУ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспары негізінде Ақсукент ауылындағы «Ардақты ана» музейінде аудандық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің тоқсандық отырысы өтті. Жиынға ҚХА жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Аманкелді Қабылбеков модераторлық етті.
Келелі кеңеске Сайрам ауданы әкімі м.а., Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық төрағасы Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Айтбаев Базарбай Мамадиярұлы, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық төрағасы Есалиев Мұрат Мырзатайұлы, аудандық білім бөлімінің әдіскері Садықов Төлеп Құрбанбайұлы, ҚХА жанындағы аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы және «Заң мен Тәртіп» қағидасы мен «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жиында Сайрам ауданы әкімі м.а., Қазақстан халқы Ассамблеясының аудандық төрағасы Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы қазыналы қарттардың жас буынның тәрбиесінде рөлі зор. Бірлік пен еңбек – біздің қоғамымыздың гүлденуінің негізі. «Адал азамат» жобасы еңбек адамдарын құрметтеуге арналған жобаны жандандыру – қоғам қажеттілігі, - деп Ақсақалдар кеңесінің жұмысына сәттілік тіледі.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев қатысушыларға этностардың қатысуымен орын алатын инциденттердің алдын алу кезеңіндегі іс-қимыл тәртібі, әрекет ету кезеңдері және этномедиаторлар қызметінің алгоритмін таныстырды.
Басқосу ары қарай сұрақ-жауап түрінде өрбіп, жиынға қатысушылар жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу, этносаралық бірлікті нығайту мәселелері төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.
Жиын соңында қатысушылар «Адал азамат» жобасы аясында елдің әлеуетін көтеруге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша жұмысты күшейту қажеттігі туралы шешім қабылдады.