АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Сайрам ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаевтың өкімімен аудан әкімінің кеңесшісі лауазымына Толықбай Алмас тағайындалды.
Толықбай Алмас Өмірбекұлы 1985 жылы 3 ақпанда Шымкент қаласында туған. Білімі жоғары.
2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің қаржы мамандығын, 2009 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің экономика магистратурасын, ал, 2013 жылы Қазақстан инженерлік педагогикалық-халықтар Достығы университетінің құқықтану мамандығын бітірген. Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің мемлекеттік және жергілікті басқару магистратурасын, 2020 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының әкімшілік іскерлігінің докторы атағын алған.
Еңбек жолын «Қазақстан Жас Көшбасшылар Қауымдастығы» бизнес-тренер болып бастаған.
Еңбек жолын басталғалы 2020 жылға түрлі салаларда жауапты қызметтерді атқарған. Яғни, «Арман» гимназиясы және «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатында дебат клубының жаттықтырушысы, «Жастар Таңдауы» РҚБ филиал директорының орынбасары, «Алшым Казахстан» ЖШС-нің қаржы директоры, «Қазтелерадио» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі маман, «КаР-Тел» ЖШС-нің оқыту жөніндегі маман, «КаР-Тел» ЖШС-нің бас директоры, «MEGALODON Group» ЖШС-нің директоры болған.
2020-2025 жылға дейін «Big Brother Business» ЖШС-нің бас директоры, ал, 2023 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін «Сайрам Тазалық» ЖШС-нің директорының орынбасары қызметін атқарып келген.