Жеке кабинет – зейнетақы жинағын бақылаудың ең қолайлы тәсілі

Жеке кабинет – зейнетақы жинағын бақылаудың ең қолайлы тәсілі

Кейбір жұмыс берушілер тарапынан міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы, кейде мүлде аударылмағандығы туралы арыз-шағымдар айтылып жатады. Бұл зейнетке шыққанда берілетін зейнетақы төлемдерінің мөлшеріне тікелей тікелей әсер етеді, яғни ай сайынғы төлемдер азаяды деген сөз. Сол себепті Бірыңғай        жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) жарналардың тұрақты дұрыс және толық аударылуын қадағалаудың аса маңызды екуенін ескертеді. Мұндай бақылау азаматтарға жинақтардың дұрыс қалыптасып, болашақта лайықты зейнетақы алуына мүмкіндік береді.  Оған қоса жинақтар құр жатпай, түрлі қаржы құралдарына құйылып, инвестициялық табыс әкеледі. Бүгінде БЖЗҚ-да жинақталған жарналардың жалпы көлемі 24 трлн теңгеден асса, соның 40% астамын инвестициялық табыс құрайды. Сонымен қатар, жарналар 1998 жылдан бергі еңбек өтілін растайтын маңызды көрсеткіш болып саналады, өйткені 1998 жылдан бергі еңбек өтілі сіздің БЖЗҚ-дағы жеке  шотыңызға ай сайынғы түскен зейнетақы жарналарымен расталады және зейнетақы жарналары түспеген айлар жалпы еңбек өтілінен шегеріледі. Бұл өтіл зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімінің ұзақтығын, сондай-ақ мемлекеттік бюджет есебінен төленетін зейнетақының мөлшерін есептеу барысында базалық зейнетақы көлеміне тікелей әсер етеді.

Ай сайын аударлатын жарналар, олардың көлемі, инвестициялық табыстытың мөлшерін көру үшін enpf.kz сайты немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасындағы жеке кабинетке тіркелу керек. Мұнда көрсетілетін қызметтер тәулік бойы қолжетімді. Аталған құралдар арқылы жинақтардың жай-күйін бақылап қана қоймай, жеке шот бойынша жасалатын барлық операциялар туралы өзекті ақпаратты жедел ала аласыз. Жеке кабинетке тіркелу өте қарапайым және мұндай қызмет түрімен алғаш рет танысып отырған жандар үшін қолайлы.

Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарыңызды қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет 24/7 режимде жұмыс істейтіндіктен, қажетті ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы шоттары туралы ақпаратқа тек БЖЗҚ сайты арқылы емес, сонымен бірге egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да қол жеткізуге болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға бейім азаматтар үшін қосымша мүмкіндік береді.

Электрондық платформаларды пайдалану ақпарат алу кезіндегі қателіктердің орын алу ықтималдығын едәуір төмендетіп, БЖЗҚ-мен өзара әрекеттесуді жеңілдетеді. Бұл салымшыларға жарналардың уақытылы аударылмауы немесе басқа да мәселелер туындаған жағдайда, шұғыл түрде қажетті шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жағдайын нақты бағалап, зейнетақы жинағын көбейтуге бағытталған шараларды алдын-ала қабылдауға жол ашады.

Бүгінгі бақылау – сенімді болашақ кепілі!