Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 13 сәуірде № 137 бұйрығына сәйкес 2025 жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына дизель отынын қалыптастыру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіден (АШТӨ) 2024 жылдың 1-30 желтоқсаны аралығында https://gosagro.kz/auth/login электрондық мекенжай бойынша қабылданған өтінімдерге сәйкес бүгінгі таңда Сайрам ауданы аумағында орналасқан агроқұрылымдардың күзгі дала жұмыстарына жеңілдетілген бағамен жанар май қарастырылды. Ауданға таратушы оператор "МТS XXI" ЖШС (Төкен 8-701-777-28-82, Дінмұхаммед 8-702-621-10-78) белгіленді. Қағида талаптарына сәйкес дизель отынының бөлінген көлемі агроқұрылым тарапынан 30 күн ішінде таратушы операторға ақпараттық жүйе арқылы (https://gosagro.kz/auth/login) өтінім беру қажет екендігін, сонымен қатар, өтінім берілмеген жағдайда дизель отыны босатылмайтындығын мәлімдейміз. Осыған байланысты 03.09.2025 жылға дейін таратушы операторға https://gosagro.kz/auth/login электрондық мекенжай бойынша өтінім тапсыруларыңызды сұраймыз.
Ақпараттық жүйеге кіру әрбір АШТӨ-нің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Анықтама үшін телефондар: 8-700-415-98-06, 8-(725-31) 59-805, 59-806.
.