14 тамыз күні сағат 19:00-де Ынтымақ аллеясында Қазақстанның халық әртісі, әйгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған «Менің Қазақстаным» атты ән кеші өтті.
Мерекелік шара аудандық Қазақ халық театрының сахналық қойылымымен басталып, көрермендерді бірден ерекше рухқа бөледі. Кеш барысында қазақ халқының аяулы перзенті Шәмші Қалдаяқовтың жүрекке жылы, елге қымбат әндері шырқалды.
Жиналған көрермендер сүйікті әндерді бірге айтып, шат-шадыман көңіл-күйге бөленді. Шара соңында көпшілік ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, кештен ерекше әсер алып тарасты.