САЙРАМДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕЙД ӨТТІ

САЙРАМДА АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ РЕЙД ӨТТІ
 
Сайрам ауданы аумағында ауыр жүк көліктерінің заңсыз жер қойнауын пайдалану және шамадан тыс жүк артудан туындайтын жолдардың мерзімінен бұрын бұзылуы мен апатты жағдайлардың алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шара өтті.
Тексеру жұмыстары Түркістан облысының көліктік бақылау инспекциясы, “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ Түркістан облыстық филиалы, Сайрам аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарынан құралған жұмысшы топпен бірлесіп жүргізілді. Іс-шара Түркістан облысы әкімдігі бекіткен «Аудандарда жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу бойынша мобильді топтардың жұмысын ұйымдастыру» алгоритміне сәйкес атқарылды.
2025 жылғы 14 тамыз күні сағат 10:00-15:00 аралығында Ақбұлақ ауылдық округі аумағындағы облыстық маңызы бар KX-3 жолында жүргізілген тексеру барысында үш жүк көлігі (2 Howo, 1 КамАЗ) арнайы айып тұрағына тоғытылды. Бір жүк көлігіне жол жабындысын ластағаны үшін хаттама толтырылды. Сондай-ақ екі ауыр жүк көлігінің көпірдегі 8 тоннадан артық жүк белгісін бұзғаны және рұқсат етілген мөлшерден артық жүк артқаны анықталды.
Барлық анықталған құқықбұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көліктер заңды шешім қабылданғанға дейін ақылы айып тұрағында қалдырылды.
Аталған бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.