ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
 
Бүгін Манкент ауылдық округінде кезекті халықпен кездесу өтті. Оған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев пен Сайрам ауданының прокуроры Бахытжан Байгозиев Тастемірұлы қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жол бойында орналасқан мектеп маңына асфальт төсеу, «жол кедергісі» орнату, бейнебақылау камераларын қою қажеттілігі айтылды. Бұл ұсыныстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көтерілді.
Сонымен қатар, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қою, заңсыз құрылыс, электр бағаналары мен жарықтандыру жүйесін жаңарту, жаяу жүргіншілер жолын салу мәселелері талқыланды. Жайылым жер тапшылығы, жол белгілерін орнату және қосымша көше жарығын қамтамасыз ету бойынша да өтініштер түсті.
Аталған мәселелер бойынша тиісті бөлім мамандарына тапсырма берілді.