ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспарына сәйкес, Сайрам ауданы әкімі аппаратының «Әкімшілік және ақпараттық қауіпсіздік» бөлімшесінің бас маманы Макпал Джакупбекова Сайрам ауданына қарасты «Қарамұрт ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігімен анық ақпараттың болуы, ғимараттың кіре берісіндегі ішкі жағдайлармен, ауыл тұрғындарына қызмет алу үшін арналған өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жасақталғандығы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдайлардың болуы, арнайы шақырту батырмасы, пандус орнатылғандығы оларға көрсетілетін қызмет сапасына қатысты мәселелер талқыланды. Бөлім ғимаратына кіріп-шығуына, дабыл батырмаларының жұмыс істеуі тексеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Бақылау нәтижесінде қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тиісті ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.