МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА ЕРЕКШЕ ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА ЕРЕКШЕ ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ
 
Қазақстан Республикасында жылына екі рет, 18 жастан бастап, жастар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Бұл маңызды мемлекеттік науқанның жоғары деңгейде өтуіне әр округтегі әскери үстел мамандарының еңбегі зор.
Сайрам аудандық әкімдіктің мәжіліс залында 2025 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны кезеңінде белсенді еңбек еткен әскери үстел мамандарын марапаттау рәсімі өтті. Шара барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сержан Дүйсебаев Қайнарбұлақ, Ақсукент, Арыс, Қарасу және Қарамұрт ауылдық округтерінің мамандарына Алғыс хаттар табыстап, олардың жауапкершілікпен атқарған қызметін жоғары бағалады.
Жиында Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Ғалымжан Балғынбаев Қайнарбұлақ ауылдық округінің әскери үстел маманы Ғалымжан Меденовке, Ақсукент ауылдық округінің әскери үстел маманы Сейдуалы Ештаевқа, Арыс ауылдық округінің әскери үстел маманы Қайратбек Жаналиевке, Қарасу ауылдық округінің әскери үстел маманы Мадина Джумановаға, Қарамұрт ауылдық округінің әскери үстел маманы Елдос Сүттінбетовке ризашылығын білдіріп, алдағы күзгі шақыру науқанында да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім артты.