Тамыз айының екінші сәрсенбісінде құрылыс саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі дәстүрлі түрде аталып өтеді. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Р.Мұздыбеков бірқатар сала мамандарын қабылдап, мерекелерімен құттықтап, алғыс айтты.
Өз құттықтауында ол құрылыс саласының ел экономикасындағы маңызды рөлін атап өтіп, тәуелсіздік жылдарында бұл салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгенін, жаңа нысандардың халық игілігіне беріліп жатқанын айтты. Сонымен қатар, мамандарға денсаулық, табыс және еңбекте жеміс тіледі.
Кездесу барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы С.Дүйсебаев атынан бірқатар құрылысшыларға алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері марапатталып, қатысушылар басшылыққа ризашылықтарын білдірді.