АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАП, ЖҰМЫС БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ
 
 
Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы нысандардың құрылысы белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуы қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты мердігер мекемелерге тиісті тапсырмалар беріп, сапа мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын міндеттеді.
Аудан әкімі халықтың өмір сүру сапасын арттыру – басты міндет екенін айта келе, салынып жатқан әрбір нысан тұрғындардың жайлы тұрмысы мен әлеуметтік қолайлығын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін тілге тиек етті. Арман Сабитов аудан көлеміндегі инфрақұрылым мен әлеуметтік нысандардың сапалы әрі жүйелі іске асуы алдағы кезеңдерде де жалғасатынын жеткізді.