АҚСУКЕНТ — АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ АЙНАБҰЛАҚ КӨШЕСІН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АҚСУКЕНТ — АҚБҰЛАҚ АУЫЛЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ АЙНАБҰЛАҚ КӨШЕСІН КЕҢЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
 
Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Айнабұлақ көшесі бойындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Атап айтқанда, қыс мезгілінде көлік жүргізушілерге кедергі келтіріп, қарсы беттегі көлікті көруге мүмкіндік бермейтін қырлы бөлік жолға қауіп төндіретін нүкте ретінде анықталып, жолды кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл — жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынған маңызды шаралардың бірі.
Аудан басшысы аталған учаскені аралау барысында жолды кеңейту және қайта қалпына келтіру жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді. Атқарылып жатқан барлық жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы қатынасы үшін екенін атап өтіп, әр істің уақытылы және сапалы орындалуы басты талап екенін жеткізді.