КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

КӨЛКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫНДА ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
 
Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округінде мемлекеттік қызметтерді алудың қол жетімділігі мен сапасына қоғамдық бақылау жүргізілді.
Қоғамдық бақылау барысында, көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлерінің құзыреттілігі, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалған жағдайы, қызмет алушыларға арналған қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының болуы бақыланды.