Сайрам аудандық орталық мешітінде аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев пен ауданның бас имамы Арыстан Оспанов дін саласында қызмет етіп жүрген имамдармен кездесті. Жиын барысында ел ішіндегі рухани тұрақтылық, ұлттық құндылықтар және имамдардың қоғамдағы рөлі төңірегінде келелі пікірлер айтылды.
Кездесуде имамдарға жамағатты бірлікке, татулық пен сабырға үндеп, қоғамда бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту бағытында жүйелі жұмыс жүргізу қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, діни қызметкерлер қоғамда кездесетін кейбір өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды шешу жолдары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Аудан әкімінің орынбасары дін өкілдерінің пікірлеріне құлақ асып, атқарушы билік тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін айтты. Мұндай кездесулер ел ішіндегі тұрақтылық пен рухани үндестікті нығайтуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып саналады.