Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы Айбек Ақылбекұлының төрағалығымен кезекті жиын өтті. Жиын барысында облыс әкімі мен аудан әкімінің берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшылары қатысты.
Аппарат басшысы әр тапсырманың нақты мерзімінде және сапалы орындалуы қажеттігін атап өтіп, жауапты тұлғаларға тиісті міндеттерді жүктеді. Сонымен қатар, бақылаудағы негізгі бағыттар бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.