2025 жылдың 15 шілдесінде Сайрам ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдалануға қарсы рейдтік іс-шара өткізілді. Шара Түркістан облысының Көліктік бақылау инспекциясы мен аудандық полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы бекітілген алгоритмге сәйкес ұйымдастырылды.
Қарамұрт, Манкент, Ақсукент және Қарасу ауылдық округтерінде жүргізілген рейд барысында үш Howo маркалы жүк көлігінің шамадан тыс жүк тиеп, құжатсыз тасымал жасағаны анықталды. Көліктер полиция басқармасының арнайы есеп кітабына (КУИ) тіркеліп, ақылы айыптұраққа қойылды. Әкімшілік хаттамалар толтырылды.