САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мәселесі қаралды. Жиын барысында аудан аумағындағы білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт мекемелерін қысқа уақытылы әрі сапалы дайындау қажеттігі атап өтілді. Аудан бойынша 89 білім беру мекемесіне 3782 тонна көмір мен 180 мың литр сұйық отын жеткізу жоспарланған. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мен мәдениет нысандарына да қажетті отын көлемі нақтыланған.
Аудан басшысы сала жетекшілеріне дайындық жұмыстарының барысында кемшіліктерді болдырмау қажеттігін ескертті. Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі А.Сабитов жауапты мекемелерге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды