ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ 32 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ 32 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
 
✔️Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округінде 80 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Соның 32 пәтері бүгін пайдалануға тапсырылды.
✔️Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданы, Ақсукент ауыл округіне арнайы барып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж отбасыларға арендалық пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
📌– Бүгін біз маңызды әлеуметтік жобалардың бірі – арендалық тұрғын үйдің ашылу салтанатында бас қосып отырмыз. Бұл — ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жолында қолға алынған нақты істердің нәтижесі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде азаматтарды баспанамен қамту — стратегиялық басым бағыттардың бірі. Облыста тұрғын үйге деген сұраныс жоғары. Осы сұранысты кезең-кезеңмен шешу мақсатында мемлекет тарапынан нақты шаралар қабылданып келеді. 2018–2024 жылдар аралығында облыс көлемінде 7,7 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, соның ішінде Сайрам ауданында 159 отбасы қоныс тойын тойлады. Ал бүгін тағы 32 отбасы жаңа пәтерлерге қол жеткізді. Жаңа пәтерлер — тұрғындарымыздың өміріне жайлылық, тұрақтылық және жаңа үміт сыйласын! – деген Нұралхан Оралбайұлы жұртшылықпен бірге пәтерлерді аралап шықты.