ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ ЖӘНЕ ЕТ КОМБИНАТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
 
✔️Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Маңызды кешенге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100% - ға толық орындалған.
✔️Жоба құны 8 500 млн. теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.
✔️Аймақ басшысы ірі қара мал сою алаңына барып, ондағы ет пен қанды өңдеу цехының жұмыс жүйесімен танысты. Жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті.