Аудан әкімі Арман Сабитов Арыс ауылдық округіне қарасты Нұржанқорған және Қожақорған елді мекендеріндегі ауыз су жүйесінің құрылыс барысын бақылап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Аудан басшысы тиісті бөлім басшыларымен және мердігер мекеме өкілдерімен бірге нысандарды аралап, жобаның талапқа сай орындалуына мән берді. Қазіргі таңда су жүйесін тарту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Ауыз су жүйесінің құрылуы – ауыл инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған нақты шара. Бұл жобаның сәтті іске асырылуы тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттырып, елді мекендердің әлеуметтік жағдайына оң әсерін тигізеді.