АУДАН ӘКІМІ МАНКЕНТ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ МАНКЕНТ СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімі Арман Сабитов бүгін Манкент теміржол станциясының күрделі жөндеу жұмыстарының барысын аралап көрді. Нысан басында мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс сапасы мен белгіленген мерзімнің сақталуына назар аударды. Станция аумағы мен ішкі инфрақұрылымының жай-күйін бақылаған аудан басшысы жұмыс қарқынына қатысты бірқатар нақты тапсырмаларды жүктеді.
Аралау барысында Аудан басшысы станция құрылысының тұрғындар үшін қолайлы, заманауи талаптарға сай болуы керектігін айтып, халық игілігіне қызмет ететін нысанның ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы қажет екенін атап өтті. Жаңартылып жатқан нысан алдағы уақытта елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін бермек.
 
Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі