Аудан әкімі Арман Сабитовтың төрағалығымен өткен жиында Ақсу өзенінің бойында орналасқан бірқатар кәсіпкерлік нысандарға берілген жер телімдерінің құқықтық негізі талқыланды. Аудан басшысы аудандық жер қатынастары бөліміне және құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне осы учаскелер бойынша құжаттардың заңдылығын тексеруді тапсырды.
Басқосуға ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшылары қатысып, жер қатынастары саласындағы жалпы атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
Сонымен қатар, жиын барысында Жансая автомобиль жолының бойында жүргізіліп жатқан көпір құрылысының барысы да егжей-тегжейлі баяндалды.