«НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ МІНДЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«НАШАҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҚОҒАМ МІНДЕТІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ФОРУМ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
 
«26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне» орай, аудан орталығында жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарымен бірлесе «Нашақорлықпен күрес – қоғам мінднті» тақырыбында форум өтті.
Ауқымды шараға аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, аудан прокурорының орынбасары Ж.Егемберді, аудандық полиция басқармасының бастығы М.Ермеков және дәрігерлер, дін қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.
Іс-шара барысында спикерлер күн тәртібіне сәйкес қажетті мағлұматтар мен маңызды ақпараттар айтып, өмірлік тәжірибемен ұштасқан үлгі-өнегелерімен бөлісті.
Салауатты өмір салтын ұстануға, жаманнан жиренуге шақырды. Қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында өз пікірлерін білдіріп, көпшілікпен пікір алмасты.
Сонымен қатар, қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан арнайы брошюралар таратылып, тақырыптық бейнеролик көрсетілді.
Іс-шарада ғасыр дертіне айналған есірткіге, нашақорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыруға назар аударылып, алдын алу үшін ұсыныстар білдіріліп, тұрғындарды алдағы уақытта бірлесе жұмыс жүргізуге үндеді.